Балабақша туралы
Сығанақ көшесі, 18 үй, НП36

Дүйсенбі– Жұма — 8:00–19:00

«Лимон» балабақшасына қош келдіңіздер!

✨ Біздің ұран: «Бақытты балалық шақ осы жерден басталады!»
«Лимон» балабақшасы — бұл балаңыз өзін үйдегідей сезінетін, әр күн қуаныш пен жаңалыққа толы жылы ұя. Біздің басты мақсатымыз — әр баланың жеке қабілетін ашып, оның үйлесімді әрі қауіпсіз дамуына жағдай жасау.
Топ саны – 3
Балалар саны 57
Оқыту тілі- Қазақ тілі
Балалардың жас ерекшелік топтары 3 жас , 5 жас, 4 жас
Жаңалықтар мен іс-шаралар
Балабақшаның жылдық жоспарына сәйкес барлық жұмыстар өткізіледі.
Қараша
Күзгі балл мерекесі өтті
Балабақшамызда бүлдіршіндердің қатысуымен «Алтын күз» мерекелік іс-шарасы өтті. Балалар ән айтып, күз мезгіліне арналған қойылымдар көрсетті.
Қазан
Қауіпсіздік — біздің басты міндетіміз
Балабақшамыздың күзет және бейнебақылау жүйелері жоспарлы тексерістен өтті. Балалар үшін ең қауіпсіз ортаны қамтамасыз етуді жалғастырамыз.
Қыркүйек
Ас мәзірі жаңартылды
Балалардың денсаулығы мен иммунитетін нығайту мақсатында маусымдық дәрумендерге бай жаңа 5 мезгіл ас мәзірі енгізілді.
Тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру
МЖМС негізінде жүзеге асырылады.
Физикалық қасиеттерді дамыту
Физикалық дамыту физикалық дені сау баланы тәрбиелеуді, өз денсаулығына саналы түрде қарауды, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыруды қарастырады.
Коммуникативтік дағдыларды дамыту
Коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ауызекі сөйлеуді, сөздік қорды қалыптастыруды, өмірде әртүрлі жағдайлардағы қарым-қатынас дағдыларын меңгертуді қарастырады.
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту тәрбиеленушілердің қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгертуді қарастырады
Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту.
Тәрбиеленушілердің шығармашылық дағдыларын, ғылыми-зерттеу іс-әрекетін дамыту өнер туындыларын қабылдау мен түсіну дағдыларын қалыптастыру
Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру
Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастырудың мақсаты тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше балаларды оң әлеуметтендіру.
Асылханова Аяулым Ерболовна
Басшы
Балабақша — бұл баланың үлкен өмірге жасаған ең алғашқы әрі маңызды қадамы. Біздің басты мақсатымыз — әрбір бүлдіршіннің бойындағы табиғи дарынды ашып, олардың рухани, зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту. Біз балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне баса назар аудара отырып, олардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына барлық жағдайды жасаймыз.

Құжаттар
Құжаттарды көру
Құжаттарды көру
Байланыс
“Лимон” балабақшасы НП 36
Мекен-жайы: Сығанақ көшесі, 18 үй, НП36
Байланыс телефондары:8708 813 61 67
Электрондық пошта:asylkhanova@bk.ru
Жұмыс режимі: 08:00- 19:00
Made on
Tilda